Қазақстандық Qazaqstan Steel Group атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен ArcelorMittalTemirtau активтерін сатып алу туралы келісімге қол жеткізді.
Келісім шарттары бойынша QSG АМТ активтері 286 млн АҚШ долларына сатып алынды, сондай-ақ жыл сайынғы 4 рет тең жарнамен төленетін 450 млн доллар мөлшеріндегі қаражат кепілді түрде кейінге қалдырылған төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, келісім жабылған кезде тағы АМТ-ның өтелмеген топішілік қарызын төлеу ретінде 250 миллион доллар төленеді.
Сол сияқты кейіннен 3 млрд доллардан астам қаржыны инвестициялау бойынша міндеттемелерді өзіне алады, оның ішінде 1,3 млрд-ы келесі жылы инвестицияланатын болады.
Ұлттық инвестор қысқа мерзім ішінде келесі міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алып отыр:
- Жұмыс барысындағы ұжымдық келісімшарт пен кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесінің сақталуын;
- Өндіріс орнының қауіпсіздігін және экологиялық ахуалын одан әрі жақсарту;
- Өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру;
- Шығарылатын өнім көлемін, номенклатурасын және түрлерін ұлғайту.
Компания кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізгеннен кейін нақты мәліметтерді инвестордың ресми өкілдері арқылы беретінін хабарлайды.
Айта кетейік, бұл туралы бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев та Астанада брифинг өткізіп «Жаңа инвестор бойынша, бұл – Allur компаниялар тобы, Андрей Сергеевич ЛАВРЕНТЬЕВ. Олар зауытқа иелік ету құқығына алдағы бір-екі күнде кіріседі», – деп мәлімдеді. Андрей Лаврентьев – Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. Оның компаниялар тобына «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кіреді.