Аталмыш құжатта, бұқараға көрсетілетін қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру, тұлғаның жеке басына қол сұғылмауы, қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау көзделген.
Алматы облысы бойынша, балаларға арналған екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Біреуі, Талдықорған қаласындағы «Қамқор», екіншісі, Талғар ауданында орналасқан «Аяла» орталығы.
Өткен жылы аталған екі мекемеде мемлекеттік органдардың мамандары мен қоғам өкілдерінің қатысуымен мониторингтік жұмыс жүргізілді.
«Мониторингтік топтың жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесі ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған ведомствоаралық кеңестің отырысында, 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген отырыста қаралды»,-дейді Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Асхат Қалиасқаров.
Аталған жұмыс тобының негізгі тұжырымдамасы мен ұсыныстары, мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты күшейту. Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет алушылар үшін стандартта белгіленген тәртіп пен талаптарды қатаң бақылау, әдістемеклік көмек көрсетумен астасып жатыр.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындау түрінде жасалған бұзушылық «әкімшілік құқық туралы» ҚР кодексінің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкеес әкімшілік жаупқа тарылуға әкеп соғады», - деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Айгерим Тулегенқызы.
Айта кетейік, мониторингтік топтың мұндай сапарлары бұдан әрі де жалғасын табатын болады. Осы тектес жұмыстар әлеуметтік қызмет сапасын жақсартуға ыпал етеді.