Армян нөмірлі көліктерді тіркеу қашан басталатыны айтылды

Dalanews 28 қаң. 2020 06:59 768

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ЕАЭО елдерінен кіргізілген автокөліктерді қашаннан бастап тіркетуге болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Халық тіркеу тәртібін дұрыс түсінбей қалмауы үшін және ХҚО-ларда түсінбеушіліктер орын алмау үшін біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Азаматтар өз автокөліктерін заңдастыра алуы үшін үлкен мерзім беріледі. Тіркеу шамамен ақпан айында басталып, кедендік және тіркеу төлемдері үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін мерзім беріледі, – деді Түсіпов.

Оның сөзінше, министрлік азаматтарға сатып алған автокөліктерін заңдастыру үшін барлық құжаттарын дайындауға қажетті уақыт беруді шешті.

Дәл қазір тіркеу науқаны әлі басталған жоқ, өйткені заңдарыстыруға құжаттар ұсыну тетігі әлі дайын емес.

– Соңғы екі-үш жыл бойы біз жыл сайын ЕАЭО елдерінен жеткізілген 40 мыңға жуық көлік құралын тіркеп келеміз, олар еш қиындықсыз тіркеуге алынуда. Төленетін сомалары салық заңдарында нақты көрсетілген, ол бәріне бірдей.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін шамамен 10 мың теңге кетеді және алғашқы тіркеу үшін көліктің шыққан жылына байланысты 600 мың теңгеден бастап миллион теңгеден сәл асатын сомаға дейін төлеу қажет


– деп түсіндірді ол.

 

Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/49510

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар