Freedom Inside '26

Армениялықтар Нұрлан Сабуровтың концертіне қарсы шықты

Армениялықтар Нұрлан Сабуровтың концертіне қарсы шықты
Фото: ALEXANDER DEMIANCHUK/TASS

Әлеуметтік желіде ресейлік әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ереванда жоспарланған концертіне қарсылық білдірушілер көбейіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Комиктің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ол 5 шілдеде Еревандағы Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өнер көрсетуі тиіс.

Алайда кейінгі күндері әлеуметтік желілерде концертті өткізбеуге шақырған жазбалар тарала бастады. Кейбір қолданушылар Сабуровқа қатысты түрлі айыптау айтып, оның Арменияға келуіне қарсы екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Нұрлан Сабуров Дубайдан Мәскеуге ұшып келген кезде Внуково әуежайында ұсталған еді. Сол жерде оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарланған. Кейін комик Алматыға ұшып кеткен.