Ауысымның ең қызықты әрі есте қалар күндері өте көп болды. Ауысымға еліміздің түпкір – түпкірінен жиналған математиктер мен химиктер келіп ауысымның шырағын жағып кеткен болатын. Ауысымның шуақты күндері «Балдәурен, сәлем» танысу кешінен басталды. Ал «Дос болайық бәріміз» отряд визиткасын қорғау кешінде балалардың, бір – біріне деген достық қарым – қатынасы анық байқалды. Міне осындай шуақты күндерден кейін, арман аралының балаларға деген күтпеген тосынсыйлары аз болмады. Балаларымызға берер тәрбие мен ақыл кеңестер, іс- шаралар, зияткерлік ойындары, шығармашылық байқаулардан алар нәрі мол болмақ. Осындай қажетті бағдарламалар, өскелең ұрпақтың бойына сіңсе, еліміздің болашағы айқын әрі, нық боларына кәміл сенеміз.
Ауысым барысында өткен қызықты іс – шараларды атап өтсек «Бәрін білгім келеді» , «Ойлан Time» , «Кубик - Рубика» , «Білгір химик» , «Ұлы ғылымдар әлемінде» , «Кел ойнайық!» осындай ойындарымыз балалардың ойлау, даму қабілеттерін арттырып жатсақ, екінші жағынан балалардың көңілдерінен жақсы қуаныш, ал жүздерінен күлкіні аңғаруға болады. Ол әрине орталығымызда қалыптасқан мерекелердің арқасында әр балаға шаттық пен өмір, сыйлау арқылы есте қалмақ. Халқымыз айтпақшы «Дені саудың, жаны сау» демекші балалардың арасында өткен спорттық ойындар осының негізі болмақ. Жалпы қорыта айтқанда, демалушы балалардың ауысымнан алған әсері өте жоғары. Осындай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралардың арқасында болашақ балалардың денсаулығы, алар білімі жоғары болмақ.
Абзал БАҚЫТЖАНҰЛЫ, ҒӘБ әдіскері