Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Осы орайда, бүгін Шымкент қаласында Түркістан облысы арнаулы оқу орындары арасында өткен, 2018 жылдың «Маусымашар» ойындарының қорытындысы бойынша, Арыс қаласынан қатысқан «Қызық жігіттер» тобы жеңіске жетіп, I-орынды иеленіп, кубокты қанжығасына байлады.
Сонымен қатар облыстық жастар орталығының басшысы Б.Дүйсебековтың арнайы дипломымен және 150 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Қазіргі таңда КТК ойындары – жастарға тек қана көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы ойларды, маңызды мәселелерді қозғап, достық қарым-қатынастың нығайуына септігін тигізуде.
Ендеше, жеңімпаз топқа шығармашылық табыстар мен биік белестерді бағындырып, Арыс өңірінің мәртебесін көтере берулеріне тілектеспіз.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі