Арыста халықты құтқарғандарды Президент марапаттады

Dalanews 08 қыр. 2019 05:48 802

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде және қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдарын жою барысында ерекше көзге түскен еліміздің азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды.     

Жиында Президент: «Арыстағы трагедия жергілікті мыңдаған отбасын бір сәтте баспанасыз қалдырды. Әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің шапшаңдығы мен батылдығы алғашқы минуттарда-ақ халықты эвакуациялауға мүмкіндік берді», – деді.

Марапатталғандардың арасында арыстық тұрғындар да бар. Олар, Арыс қаласындағы «Алтын тұмар» балабақшасының меңгерушісі Гаухар Уәлиханова – 113 баланы эвакуациялаған, сондай-ақ, «Лидер» балабақшасының жүргізушісі Асқар Әбдіхалық – 70 тәрбиеленушіні эвакуациялаған.

Сонымен қатар, жарылыста еңбек еткен әскерилер, полицейлер, еріктілер де II және III дәрежелі «Айбын» орденімен, «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен, медицина қызметкерлері –  «Шапағат» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов бар.

«Ақорда» резиденциясында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне жалпы қырық адам қатысқан. Бейбіт күннің батырлары – барша қазақстандықтардың мақтанышы.



Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар