Арабтар бізді орыстан қорғамай-ақ, әуелі өздерін қараңғылықтан құтқарып алсын

Dalanews 13 нау. 2017 03:21 791

Кейбір кісілер Ресейден бізді арабтар құтқарады деп сенетін көрінеді. Біз арабтардың да экспанциясын бастан кешкенімізді, әлі де солардың көптеген шовинистік идеологиясынан зардап шегіп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Араб әлемі бізді Ресейден қорғамақ түгілі, әуелі өздерін қараңғылықтан құтарып алсыншы. Бізге қазақтың ғылым-білімін дамыта отырып, көшпелі дәстүрдегі тегі бір (арғы бабаларымыз ортақ), ділі жақын (тілдің өзі шартты жағдай) елдермен саяси қарым-қатынасымызды нығайтуымыз қажет.

Өзге алпауыттардың бодауындағы ең жақын халықтармен мәдени байланысты арттыру керек. Олар күн санап жұтылып кетудің алдында тұр. Мысалы, алтайлықтар өз балаларының тек орыс ертегілерімен өсіп келе жатқанын айтып мұңдарын шағады. Оларға біз қазақ тіліндегі ортақ тарихи материалдарды ұсына білсек, тегі бөлек шығармадан көрі өзегі ортақ біздің шығармаларды құп көрері анық. Мәдени апталықтар, түрлі шаралар керек-ақ. Бізден үміт күтіп, елеңдейтін туыстардың бар екенін ұмытпайық.

Арман Әубәкір


(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар