Ақтөбелік стример желідегі видеосы үшін жауапқа тартылды

Ақтөбелік стример желідегі видеосы үшін жауапқа тартылды
видео кадры

Ақтөбелік стример желідегі видеосы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция TikTok желісінде қоғамдық мораль, мінез-құлық нормаларын өрескел бұзатын видеоны анықтаған. Тексеріс барысында видео авторы Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері оның ұсақ бұзақылық жасағанын, кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне қатысты ата-ана ретіндегі міндетін тиісінше орындамағанын анықтаған.

"Бұл дерек бойынша тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2026 жылы бұл - 86 500 теңге.