Ақтөбеде қару-жарақ дүкендері мен ҰҚК ғимаратының жолы жабылды

Dalanews 18 шіл. 2016 07:52 767

Ақтөбеде қару-жарақ дүкендері мен ҰҚК ғимаратының жолы жабылды. Алматыдағы лаңкестік оқиғадан кейін өңірдегі құқық қорғаушылар күшейтілген тәптіпте жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы бірнеше ғимаратты қазір полиция қызметкерлері күзетіп тұр. Мәселен, 5 маусым күні лаңкестік топ шабуыл жасаған «Пантера» қару-жарақ дүкені бүгін жабылды. Жол-патрульдік полициясы арнайы күзетті күшейтті. Мұнда суретке, бейнекамераға түсіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасы орналасқан Жанқожа батыр көшесіндегі көлік қозғалысы шектелді. Көшенің екі басына полиция қызметкерлері күзетке қойылған. Қоғамдық көліктердің жол қозғалысы өзгерді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар