Ақтөбеде күйеуінің езгісіне шыдамаған әйел үйін тастай қашты (видео)

Dalanews 16 нау. 2018 08:36 808

 Ақтөбеде азаматтық некедегі күйеуінен таяқ жеп шаршаған келіншек балаларын тастап, үйінен қашып кетті. 38 жастағы Гүлсім Жиенбаева отағасы балта алып ұмтылғанда, кішкентайларыма қарайламақ түгілі, ойлануға уақытым болмады, дейді.

Бес жыл бойы үреймен өмір сүрген әйел  енді қайтпек? Полицейлерге озбыр еркекті қамауға алуға не кедергі? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

 «Мына құлағым былай ісіп кетті, ұрғанда мына жерде сотрясение алғанмын» - дейді жәбірленуші.

Гүлсімнің азаматтық некедегі күйеуімен көңіл жарастырғанына бес жыл болған. Содан бері көргенім тек қорлық деп отыр. Қит етсе жұдырығын ала жүгіретін күйеуі ештеңеден қаймықпайтын көрінеді. Өйткені Гүлсім – жетім, іздеушісі жоқ, әке шешеден ерте айрылған. Бірінші күйеуінен еріп келген ұлын шеттеткені былай тұрсын, өзінің екі баласын да түртпектейтінді шығарыпты. 

«Қолымен ұрады, пышақпен ұрады, балтамен қуып шығады, солай.
 Осы жақында декабрьде бізді деген қуып шықты балтамен.

Үлкен ұлымды ұрып, мені ұрып, шашымнан тартып, Сен үйді босат, мен осы бес жыл бойы бағып келе жатырмын, мына өгей балаңмен деп, үйін қызғанады, сабайды. Дұрыс өмір сүргенім жоқ, бес жыл бойы қорлық көріп келе жатырмын» - дейді қорлық көрген келіншек Гүлсім Жиенбаева.

Әйелі мен балаларына күн көрсетпейтін 61 жастағы азаматқа полицейлер тек айыппұл салудан басқа шара қолдана алмайтындықтарын айтады. Өйткені, ол психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған көрінеді. Жүйкесі сыр берген әкемен балаларды қалдырудан сескенген  мамандар екі және бес жастағы екі баласын Гүлсімге алып берді. Қазір келіншекке қаладан уақытша жатын орын мен жұмыс тауып берген. Ал балалары сауықтыру орталығында ем  қабылдап жатыр. 

«Қиналып, отбасын сақтап қалу үшін бізге көп хабарласпайды, бірақ өздерінің еркімен көмек сұрағандар саны қазір 564-ке жетіп отыр.  Осыларға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 73-бабымен сот арқылы  шешіледі, кейбір материалдар тіпті сотқа жетпей,  күйеулерімен татуласу арқылы шешіліп жатады» - дейді қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Нұргүл Жолдыбаева.

Отбасында отағасынан теперіш көріп, зорлық тартып жүрген жалғыз Гүлсім емес. Соңғы уақытта әйеліне әлімжеттік жасайтындар көбейген. Әрі жағымсыз статистика жыл сайын артып келе жатқаны мамандарды да қынжылтады.
Күйеуінен күнде тепкі көретін қыз келіншектер көбіне «жұрттан ұят» деп, жағдайды жылы жауып қоятын көрінеді.  

«Личная граница, жоқ деген нәрсені айта алмайды, сондықтан сондайға ұшырайды.  Ол жоқ деген нәрсені психологтың көмегімен үйренсе, міндетті түрле ондайға ұшырамайды,даже күйеуімен қосылғанның өзінде де жоқ, менің құқықығм бар, мен Қазақстанның азаматымын, сен маған зорлық-зомбылық көрсетуге ешқандай қақың жоқ» - дейді психолог Орынгүл Сәтпаева.

Ерінің езгісіне шыдап жүрген қыз-келіншектерге психологтардың кеңесі біреу, бір рет қол көтерген адам, екінші рет оны қайталайды. Әрі отбасындағы ойран баланың да жүйкесіне тиіп, күйзеліске түсіреді. Сондықтан, әйелдер шыдамның да шегі бар екенін түсінуі тиіс, дейді.

https://www.youtube.com/watch?v=AWKj9vRoXWY

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар