Ақтөбеде экс-шенеунікке қатысты ақтау үкімі қайта қаралады

Ақтоты Жапатова 26 нау. 2026 12:03

Ақтөбе қаласының №2 соты 2025 жылғы 31 наурызда қала әкімдігі аппаратының бұрынғы басшысы Н. Исембайұлын мемлекеттік жер учаскелерін беруге уәде етуге байланысты алаяқтық жасады деген айып бойынша дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты ақтаған болатын, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған іс өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған. Кейбір жарияланымдарда тергеу мен мемлекеттік айыптау жұмысына қатысты біржақты әрі негізсіз тұжырымдар да айтылған.

Соған қарамастан, жазаның бұлтартпастығы қағидатын басшылыққа алған прокуратура органдары ақтау үкімін кассациялық тәртіппен қайта қаратуға қол жеткізді.

Нәтижесінде іс Ақтөбе облыстық соты қарауына қайта жолданды. Ведомство мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы сотта тағылған айыпты толық қолдайтын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove