Ақтөбеде ер адамды бопсалаған қыз ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақтөбеде полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде әйел адам ақша бопсалаумен айналысқаны анықталған.
Тексеріс барысында қыз 54 жастағы қала тұрғынын қорқытып, ер адамнан 450 мың теңге көлемінде ақша бопсалағаны белгілі болды.
"Ол "зорлады" деп құқық қорғау органдарына арызданатынын айтып қорқытқан. Жедел іздестіру барысында 28 жастағы күдікті анықталып, жәбірленушіден ақша алған кезде ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, бопсалап алынған ақша тәркіленді. Қыз кінәсін мойындады", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
