Ақтөбе облысында екі Toyota Camry көлігі жол апатына ұшырап, алты адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Қандыағаш қаласының маңында, Ақтөбе-Астрахань тасжолының 94-шақырымында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция департаменті мәліметінше, жолда екі көлік соқтығысқан. Соққы қатты болғаны соншалық - көліктердегі алты адамның барлығы қаза тапқан. Марқұмдар Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары болған.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп-тексеру басталды. Жол апатының барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сот сараптамалары тағайындалды.