Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Orda.kz мәліметінше, Ми-8 тікұшағы қатты қонған кезде зардап шеккен екі ұшқыш ауруханадан шығарылды. Олардың жағдайы жақсарған, енді олар амбулаториялық бақылауда болады.
Зардап шеккендер травматология және нейрохирургия бөлімшелерінде емделді.
"Мидың шайқалуы, кеуде қуысының көгеруі, қабырғаның көгеруі, көптеген жарақат болды. Қолда кішкентай күйген жерлер болды, сынған жерлері жоқ. Аураханадан шығару кезінде жағдайы қанағаттанарлық болды", - деп жазылған басылым дерегінде.
Айта кетейік, 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апат жағдайында қонған еді.
Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.
"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған еді бұған дейін Қорғаныс министрлігі хабарламасында.