Ақтөбе облысында 50-ге жуық шетел азаматы аязда қалған

Сағыныш Сардарова 17 қаң. 2026 11:10

Ақтөбе облысында 50-ге жуық шетел азаматы аязда қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарабұтақ – Қостанай тасжолында Ресей Федерациясы (Екатеринбург қ.) – Тәжікстан Республикасы бағытында келе жатқан жолаушылар автобусы жол жиегінде тоқтап қалған. Тексеріс барысында Van Hool автобусында 46 адам, соның ішінде 2 жүргізуші болғаны анықталған.

"Жолаушылар арасында 5 әйел мен 5 бала болды (барлығы - шетел азаматтары). Қатты аяз салдарынан автобустың дизель отыны қатып қалған. Полиция қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде жолаушылар Әйтекеби ауданы Т.Жүргенов ауылындағы орталық мешіт ғимаратына уақытша орналастырылды. Медициналық көмекке мұқтаж жандар тіркелген жоқ", - деді полиция.

Полиция жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, көліктің техникалық жай-күйін тексеруді және ресми ақпарат көздерін қадағалауды ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove