Ақтаудан мерзімді әскери қызметке шақырылған 18 жастағы Еркебұлан Досымбет Ақтөбедегі ауруханаға түсті. Оның туыстары сарбаздың әскери бөлімде соққыға жығылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жігіттің анасының айтуынша, бірнеше сержант оны ұрып, соның ішінде шап тұсынан соққы жасаған. Бұдан кейін сарбазға ауыр дене жаттығуларын орындауға мәжбүрлеген.
Туыстарының сөзінше, кейін Еркебұланның зәр шығару жүйесінде күрделі мәселе пайда болған. Ол шамамен екі тәулік бойы дәретке дұрыс бара алмай қиналған.
Қазіргі уақытта сарбаз Ақтөбедегі ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал әскери қызметшінің жарақат алу дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.