Ақтауда катер апатқа ұшырауына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханада төрт адам жатыр, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды dalanews.kz.
Каспий теңізіндегі оқиға салдарынан екі жолаушы қаза тапқан еді.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі бойынша қозғалған. Бұл - теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзуға қатысты бап.
Қазір оқиғаның мән-жайы, катер апатының себептері анықталып жатыр.