Ақтау маңына құлаған ұшақ апатынан 6 адам аман қалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Аман қалғандардың барлығы ауыр халде. Ұшақ құлаған жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр", - дейді министр.
Еске салайық, бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берген болатын.
"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті".
"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысқан.
Ал әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.