Ақтауда шетелге қаражатты заңсыз шығарған компанияға 150 млн теңге айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 14 сәу. 2025 15:27 671

Прокурордың өтініші бойынша компанияға шетелге қаражатты заңсыз шығарғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтау қаласының прокуратурасы ҚР 1,8 млн АҚШ долларын валюталық заңнаманың талаптарын бұза отырып шетелге шығарған «Б» компаниясына қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысына өтінішхат келтірді.

Прокурордың өтінішін қарау нәтижесінде облыстық сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот валюталық түсімді уақтылы репатриацияламағаны үшін компанияға 153 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қабылданған шешім валюталық операцияларды реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау маңыздылығын растайды және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар