Ақтауда мүмкіндігі шектеулі азаматты зорлады деп айыпталған белсенді есірткімен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz "Криминальный Казахстан" арнасына сілтеп.
Арна дерегінше, 3 маусымда азаматтық белсенді Мұратбай Жұмағалиев ұсталған. Мәліметке сүйенсек, одан аса ірі көлемде есірткі тәркіленген.
Бұл жайт бірнеше апта бұрын қоғамда қызу талқыланған видеодан кейін болып отыр. Сол кезде оның мүмкіндігі шектеулі ер адамға күш қолданып, жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтылды.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.