Ақтауда автогаз құю бекеттері жабылып, жүргізушілер әбігерге түсті

Ақтауда автогаз құю бекеттері жабылып, жүргізушілер әбігерге түсті
Фото: ЖИ

Ақтау тұрғындары сұйытылған автогаз тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Lada.kz мәліметінше, қала мен оған жақын елді мекендердегі бірқатар автогаз құю бекеттері уақытша жұмысын тоқтатқан. Ал газ сатылып жатқан бекеттерде ұзын-сонар кезек қалыптасқан.

Энергетика министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Маңғыстау облысы сұйытылған автогазбен толық көлемде қамтамасыз етіліп отырғанын мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, шілде айында өңірдің қосымша сұранысына сәйкес қосымша газ көлемі де бөлінген.

Министрлік өкілдері сұйытылған газды облыс ішінде бөлу және оны автогаз құю бекеттеріне жеткізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретінін атап өтті.