Ақтауда келісімшарт бойынша қызмет атқарған кіші сержант қаза болды. Қайғылы оқиға кеше орын алған, деп хабарлайды Dalanews.kz
Қайғылы оқиға қызметкер әскери полигоннан қайтып келе жатқан кезде болған. Сарбазды КамАЗ көлігі қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
«Жол-көлік оқиғасы қолайсыз ауа райы жағдайында болды: көктайғақ, көрінудің нашарлауы және тәуліктің қараңғы уақыты. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда», – деп мәлімдеді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
