"Ақша бермесең, затыңды тартып алады": Алматыда тұрғындарға тиіскен үш қыз елден шығарылуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 03 сәу. 2026 10:13

Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеріс жүргізуге әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдар негіз болған. Онда бір топ жасөспірімнің азаматтарға агрессивті әрі әдепсіз әрекеті бейнеленген.

Бұл деректер бойынша Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары тарапынан тексеріс жүргізіліп, кәмелетке толмағандар анықталып, аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілген.

"Жасөспірімдер - Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тексеріс нәтижелері бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы шеңберінде ел аумағынан шығару шаралары қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазір әрбір дерек бойынша тексеріс жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде дау туғызатын видео тарады. Видеода кішкентай қыздар саябақтағы адамдарға тиіскені, ақша сұрап, бермесе, заттарын тартып алғаны айтылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove