АҚШ: Украинада президент сайлауы өтеді

Қаракөз Амантай 22 нау. 2025 10:43 1854

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Украина билігінің президенттік сайлау өткізуге келісім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Украина басшылығы бұған келісімін берді. Елде президенттік сайлау өтеді”, — деді Уиткофф.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский соғыс аяқталған соң, алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес сайлау өткізу қажет екенін айтқан болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар