АҚШ-тың Орталық Азияның сирек кездесетін металдарына көзі түсіп отыр - БАҚ

Сағыныш Сардарова 06 мам. 2025 09:20 438

АҚШ Орталық Азияның сирек кездесетін металдарына қызығып отыр, өйткені Украинадағы ресурс көлемі өте аз. Бұл туралы Nationall Interest басылымы жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Киевпен келісімге келу тек алғашқы қадам екені айтылған. Вашингтон Орталық Азия ресурстарына қол жеткізгісі келеді, бірақ бұл оңай болмайды, өйткені бұл жерлер Ресей мен Қытай қызығушылық танытатын аймаққа кіреді.

"Америка Құрама Штаттары минералды портфелін толықтырудың қосымша нұсқаларын қарастыруы керек. Осындай аймақтардың бірі сирек кездесетін металдардың едәуір қоры бар Орталық Азия болуы мүмкін. Бұл тұрғыда Орталық Азия елдерімен - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен тығыз байланыс орнату шешуші мәнге ие болады", - деп жазылған басылымда.

Бұған дейін АҚШ Өзбекстанмен сирек кездесетін металдарды өндіру туралы мәміле жасаған болатын. Вашингтон мен Ташкент өкілдері 9 сәуірде АҚШ астанасында келісімге қол қойды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар