АҚШ Сауда министрі: «Ресей тоңазтқыштың чиптерін қару жасауға қолдана бастаған»

Dalanews 12 мам. 2022 13:22 880

Украинаға қарсы соғыс ашып әлем алдында абыройдан айырылған Кремль бүгінде Батыс елдерінің салған санкцияларының зардабын тарта бастады. Бүгін АҚШ-тың Сауда министрі Джин Раймондо Ресейдің қару-жарақ өндірісі жаңа қару жасап шығару үшін тоңазтқыш пен кір жуғыш машинадағы чиптерді шығарып алып, пайдаланғанын айтты, – деп хабарлады The Washington Post газеті.

Басылымның хабарлауынша, бұл жайындағы ақпаратты АҚШ-тың Сауда министрі Джин Раймондо сенаторлар алдында жасаған баяндамасында айтқан.

– Бізге украиндер Ресейдің бұзылған әскери техникаларын мұқият қарағанда оған тоңазтқыш пен ыдыс-аяқ жуатын машиналардың чиптерін қолданған байқағандарын айтты, – деді Раймондо. Сауда министрлігінің Баспасөз хатшысы Робин Паттерсон мұндай ақпаратты украиндер жеткізгенін растады.


АҚШ-тың Сауда министрінің айтуынша, соғыс өрті тұтанғалы бері Американың Ресейге технологияны экспорттау көлемі 70%-ға қысқарған. Ресми Мәскеуге технологияны экспорттау тағы да 30 ел күрт тоқтатқанын ескерсек, Ресейдің қару-жарақ өндірісі ауыр жағдаймен бетпе-бет келгенін байқауға болады.

Джин Раймондо Сенатта жасаған баяндамасында бүгінде Ресейдің танк құрастыратын екі бірдей зауыты сырт елдерден тасымалданатын қосалқы бөлшектердің таусылуына байланысты жұмысын тоқтатқанын алға тартқан. Олар – Орал вагон жасау зауыты мен Челябі тарактор жасау зауыты екенін естеріңізге сала кетеміз.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар