АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздер жұмада Оманда өтеді. Бұл туралы араб дереккөзіне сүйенген БАҚ жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дереккөз мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі келіссөздерді Түркиядан Оманға көшіру жөніндегі Иранның өтінішіне келісім берген.
Сондай-ақ, Омандағы келіссөздерге аймақтағы араб және мұсылман елдерінің қосылу-қосылмауы әлі де талқыланып жатыр.
