АҚШ пен Қытай сауда қақтығысының жаңа белесіне аяқ басты - BBC Invest

Dalanews 07 сәу. 2025 17:35 216

АҚШ пен Қытай 2020 жылдың наурызынан бері алғаш рет тіркелген қор индекстерінің ең қатты құлдырауына әкеліп соқтырған сауда қақтығысының жаңа белесіне аяқ басты. Әлемдік нарықтарға шолуында BBC Invest осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Дональд Трамп 2 сәуірде сауда балансы тапшылығы мәселесін ілік ете отырып, 185-тен астам елдің импорт тауарларына қосымша баж салығын енгізді. Көп ойланып жатпастан, 10 сәуірден бастап Қытай америкалық тауарларға 34% тариф белгілеп, шағылыстыру тәсілі бойынша бірден жауап қайырды.   

"Салдарынан қор биржаларының индекстер құлдырау режиміне енді. Әсіресе, халықаралық жеткізілім тізбегіндегі компаниялардың (Apple, Nike, AMD) акциялары қатты зардап шекті, бір апта барысында 9%-дан 14% - ға дейін құнын жоғалтты. Импорттың қымбаттауына, логистикалық тізбектің бұзылуына және тұтынушылық белсенділіктің төмендеу ықтималдылығына байланысты корпорациялардың кірістер өсімі баяулауда, соған сәйкес нарықтарда баға да төмендеуде.  Тарифтердің тарихи тұрғыда жоғары деңгейге дейін көтеру (~20-25%) АҚШ-тың ЖІӨ өсу қарқынын II тоқсанда 1,5% - дан да  төмен деңгейге төмендетуі мүмкін", деп жазады BBC Invest.

Сондай-ақ АҚШ-тың 10 жылдық облигациялардың кірістілігі де төмендеуде.

АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі инвесторлардың қорғаныс активтеріне жаппай ойысуына байланысты алты айда алғаш рет 4,00%-дан төмендеді. Treasuries-ке деген сұраныс нарықтық турбуленттілігі және инфляциялық күтулердің төмендеуіне жауап ретінде арта түскен.

АҚШ-тың ФРЖ басшысы Джером Пауэлл жаңа тарифтер "инфляцияны айтарлықтай арттырады" және экономикаға теріс қысымды күшейтеді деп ескертті. Сонымен бірге, ол қазіргі жағдай ФРЖ-дан икемділікті талап ететінін және қысқа мерзімде инфляция өсуі мүмкін болғанымен, ұзақ мерзімде оның да аптығы басылатынын атап өтті.

"WTI фьючерстерінің бағасы құлдырап, 2021 жылдың сәуіріндегі төменгі шек -  60 доллардан да төмендеді, ал Brent фьючерстерінің бір баррелі 63 доллардан төмен (аптасына -15,65%) саудалануда. Бір аптадағы 15%-дан астам құлдырау 2023 жылдан бергі ең қаттысы болды. Оған сұраныс бойынша күтудің күрт төмендеуі, қор көлемінің өсімі, сондай-ақ OPEC+тің нарықтық жағдайға қарсы өндірісті ұлғайту туралы күтпеген шешімі себеп. Жалпы, жыл басынан бері Brent маркалы мұнай 16%-дан астам құнын жоғалтты. Шикізат бағасына сезімтал секторлар энергетика және өнеркәсіп қатты қысымға ұшырады. Сонымен қатар, мұнай бағасының төмендеуі жоғары дүдамал жағдайда шығындарды азайтып, тұтынушылық шығындарды қолдауда тұтынушылар мен кейбір секторлардың оң жамбасына сай келуі  мүмкін (көлік, бөлшек сауда)".

Активтер Соңғы баға Апта барысындағы баға өзгерісі Жыл басынан бергі баға өзгерісі

S&P 500

5074,08 -9,58% -13,73%

Dow Jones

38 314,86 -8,78% -9,94%

Nasdaq

15,587,79 -9,89% -19,28%
KASE 5 416,27 -4,20% -2,82%
Алтын 3 031,36 -3,59% +15,00%
Brent Oil 62,82 -16,11% -16,00%
BTC/USD 75,052,0 -9,23% -19,96%

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар