АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операцияларынан кейін жоғары дәлдіктегі зымырандарының қоры айтарлықтай азайған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басылымның ақпаратынша, АҚШ арсеналында жедел-тактикалық ATACMS және PrSM зымырандары өте аз қалған. Мұндай мәліметті жағдайдан хабардар дереккөздер жеткізген.
Reuters мәліметінше, бұл зымырандардың едәуір бөлігі Иран аумағындағы нысандарға жасалған соққылар кезінде пайдаланылған. Соның салдарынан АҚШ әскері аталған оқ-дәрі түрлерінің тапшылығына тап болған.
Әзірге АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Reuters агенттігі жариялаған мәліметтер анонимді дереккөздердің ақпаратына негізделген.