The Conference Board есебінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы өсуі несие алу құны қымбаттауына әкеп соғып, америкалық отбасылар мен кәсіпкерлерге түсетін қысымды күшейтуі мүмкін екені айтылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәліметке сүйенсек, қазір АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 39 триллион доллардан асқан. Әр америкалыққа шаққанда шамамен 116 мың доллардан келеді.
Бюджет тапшылығының өсуі студенттік несие, ипотека және шағын бизнесті қаржыландыру шығынын өсіруі мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздың өсуі зейнетақы жүйесіне де қауіп төндіреді.
Қазіргі болжам бойынша АҚШ-тағы негізгі әлеуметтік қамсыздандырудың зейнетақы қоры 2032 жылға қарай төлем қабілетінен айырылуы мүмкін.
Бұл жағдай АҚШ билігін мемлекеттік қаржы жүйесін реформалауға және қарыз көлемін тұрақтандыруға бағытталған шараларды жеделдетуге мәжбүр етуі ықтимал.