АҚШ соты Трамптың азаматтыққа қатысты жаңа жарлығын тоқтатты

АҚШ соты Трамптың азаматтыққа қатысты жаңа жарлығын тоқтатты
Фото: Evelyn Hockstein / Reuters

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы федералдық сот президент Дональд Трамптың елде дүниеге келген балаларға азаматтық беру тәртібін шектейтін жаңа жарлығын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жарлыққа сәйкес, АҚШ-та туған кейбір шетелдік азаматтардың балалары автоматты түрде Америка азаматтығын ала алмайтын еді. Бұл талап, соның ішінде, АҚШ-қа баласына азаматтық алу мақсатымен келген шетелдіктерге қатысты қолданылуы мүмкін болатын.

Алайда федералдық судья Дебора Бордман жаңа ереже АҚШ Конституциясына қайшы болуы мүмкін деп мәлімдеді.

"Жаңа жарлық бұған дейін сот қорғауына алған балаларды азаматтық құқығынан айыруға бағытталған", - деді судья.

Оның айтуынша, АҚШ Конституциясының 14-түзетуі ел аумағында дүниеге келген балаларға ата-анасының көші-қон мәртебесіне қарамастан азаматтық алу құқығын береді. Президенттің жарлығы бұл конституциялық кепілдікті өзгерте алмайды.

Соттың уақытша тыйымы аталған іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін күшінде болады.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты Трамптың туғаннан берілетін азаматтықты шектеуге бағытталған алғашқы бастамасын заңсыз деп таныған еді.