АҚШ пен Иранға 10 күндік бітім ұсынылды

АҚШ пен Иранға 10 күндік бітім ұсынылды
Фото: EPA/ТАСС

Катар, Мысыр, Пәкістан және басқа да өңірлік делдалдар АҚШ пен Иранға 10 күндік атысты тоқтату туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Axios порталы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Басылымның мәліметінше, аталған елдер АҚШ пен Иранға 10 күнге созылатын бітім орнатуды ұсынып отыр.

Америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұл бастама АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінде қаралып жатыр. Сонымен қатар Вашингтон Израильді дипломатиялық келіссөздерге мүмкіндік беретін кезеңді бұзуы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырған.

Әзірге АҚШ, Иран немесе Израиль тарапынан бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.