Ақпараттық қауіпсіздік: Бектенов маңызды мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 26 мам. 2025 16:54

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі топ құруды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1. Ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) осы өкімге қосымшада көрсетілген құрамда құру.

2. Жұмыс тобы 2025 жылғы 31 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындап, ұсынуы тиіс.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевқа жүктелсін, – делінген Бектеновтің өкімінде.

Құжатпен ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының келесі құрамы бекітілді:

  • Премьер-министрдің орынбасары – топ жетекшісі;

  • Мәдениет және ақпарат министрі – топ жетекшісінің орынбасары;

  • Мәдениет және ақпарат вице-министрі – топ хатшысы;

  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

  • Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

  • Сыртқы істер министрінің орынбасары;

  • Ішкі істер министрінің орынбасары;

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

  • Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының қауіпсіздік мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

  • Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

  • Президент Әкімшілігінің цифрландыруды дамыту бөлімі секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

  • Үкімет Аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар