Ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер атап өтілмейді, сондықтан демалыс күндері - тек сенбі және жексенбі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстандықтар ақпанда жалпы 8 күн демалады. Дегенмен ақпанда кәсіби күндер бар:
- 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні;
- 2 ақпан – Ұлттық басылым күні;
- 15 ақпан – Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні.
