Ақмола облысындағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға түсті

Ақмола облысындағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға түсті
Фото: astana_pokazhet_

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы жеті адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Астана – Петропавл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен ГАЗ-53 жүк көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes-Benz Sprinter-де болған екі жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Шағын автобустың тағы алты жолаушысы және ГАЗ-53 көлігіндегі бір адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.