Ақмола облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды
Фото-коллаж: Alash.kz

Ақмола облысында кадрлық ауыс-түйіс болды. Астрахан және Аршалы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, Берген Жұмкей Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Берген Жұмкей 1985 жылғы 15 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Көкшетау қаласындағы ХҚКО филиалында инспектор болып бастаған. Кейін Шортанды ауданында түрлі мемлекеттік қызметтер атқарды.

Әр жылдары Шортанды кентінің әкімі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2021 жылғы тамыздан бастап Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болған.

Сонымен қатар Ақмола облысы әкімінің өкімімен Асхат Мұратбекұлы Ахмедьянов Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Асхат Ахмедьянов 1992 жылғы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Комсомольское ауылында дүниеге келген.

2013 жылы «Тұран-Астана» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызмет жолын Атбасар ауданында бастаған. 2017–2019 жылдары Покров ауылдық округінің әкімі, 2019–2021 жылдары Атбасар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2021–2023 жылдары Макеев ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.

2023–2026 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болды. 2026 жылғы ақпаннан бастап Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.