Ақмола облысында қомақты көлемде бюджет ақшасы ұрланған

Кәмшат Тілеухан 19 нау. 2025 10:53 378

Аудан прокуратурасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп,жүргізген тексеру кезінде Жақсы ауданында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жақсы ауданының білім бөлімінде 22 млн теңге бюджет ақшасы ұрлау фактісі анықталғаны нақтыланады. Бұл қаражат бөлім қызметкерлеріне жалған сыйақы тағайындау түрінде қолды болған.

Аудан прокуратурасымен аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тергеу ісі облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.             

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар