Алматыда электр энергиясының тарифі тағы да қымбаттауы мүмкін

Алматыда электр энергиясының тарифі тағы да қымбаттауы мүмкін
ЖИ: Dalanews.kz

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифін қайта көтеру жоспарланып отыр. Егер тиісті өтінім мақұлданса, жаңа тарифтер 20 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұсынысқа сәйкес, электр энергиясының бір киловатт-сағатының құны 36,33 теңгеден 39,36 теңгеге дейін өседі. Бұл қазіргі тарифтен шамамен 8,3%-ға жоғары.

Компания өкілдерінің мәліметінше, тарифтің көтерілуіне электр энергиясын сатып алу құнының қымбаттауы себеп болған. Әзірге бұл тек ұсыныс қана. Түпкілікті шешім уәкілетті орган өтінімді қарағаннан кейін қабылданады.