Ақмола облысында аудан әкіміне айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2024 15:10 1122

Ақмола облысында аудан әкіміне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Себебі әкім соттың сұрау салуын (запрос-еск.) орындамаған.
 
Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жер теліміне құқықты қайта ресімдеу жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы Т.-ның талабын қарады.
 
Алқаның қаулысымен талап қанағаттандырылып, әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды.
 
Істі қарау барысында алқа іс бойынша елеулі маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін даулы жер теліміне қатысты іс материалдарында жоқ мәліметтерді талап ете отырып, аудан әкіміне сот сұрау салуын жолдады.
 
Сот процеске қатысушыларды уақытылы және толық көлемде мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қажет деп сот сұрау салуын жіберетінін ескерткен.
 
Әкім сот сұрауын уақтылы алған, бірақ сот белгілеген мерзімде оны орындамаған және орындау мерзімін ұзарту жөніндегі алқаға жүгінбеген.
 
Соттың сұрау салуын орындамағаны жауапкермен іс жүргізу құқығын теріс пайдаланғанын куәландырады. Облыстық сот алқасының ұйғарымымен аудан әкіміне 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды.
 
Сот актісі заңды күшіне енді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар