Аудан әкімінің хабарлауынша, аудан бюджеті 6 млрд 669 млн теңгеге бекітіліп, бюджет көлемі 7 млрд. 955 млн теңгеге нақтыланды. Жергілікті салық түсімі 1 млрд 1049 млн теңге жоспарланып, есепті мерзімде 803,4 млн. теңге салық түсімі жинақталып, жоспар 98,9 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 айдың қорытындысы бойынша 1313,8 млн. теңгені, ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 айда 640,8 млн. теңгені құрады.
Экономикасы мал шаруашылығына негізделген ауданда ірі қара 83,1 мың, ұсақ мал 257,7 мың, жылқы 32,0 мың басқа жетті. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл 7 шаруа қожалығы 153,4 млн. теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 95,0 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Қазіргі таңда аудан бойынша ірі қара өсіретін 30, жылқы малын 6, қой өсіретін 2 асыл тұқымды шаруашылықтар бар. Ағымдағы жылдың аяғына дейін әр ауылдық округте мал бордақылайтын кооператив құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылы 840 га егіс алқабына картоп, көкөніс-бақша дақылдары егіліп, соның ішінде 36 га алқапқа тамшылатып суару әдісі қолдануда. Сонымен қатар, Алмалы ауылдық округінде «МұнайКонтакт» ЖШС-і 9 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып, алма бағын отырғызды.
Жалпы аудан бойынша коммуналдық меншікте 24-көлтабан, 11-канал, 2-су қоймасы бар. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 37,5 млн теңге бөлініп, Қашкен, Ащы-Азынабай-Тайпақ, Азынабай-Тайпақ, Тоғыз, Қос-Жүген суландыру каналдары, № 53 көлтабан және Ащы өзеніндегі Аяқ су қоймасының тиісті құжаттамаларын жасақтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде, үстіміздегі айдың аяғына дейін құжаттар толық рәсімделуі аяқталады.
Ауылшаруашылық жерлерін экономикалық айналымға енгізу мақсатында 2016 жылы мақсатты пайдаланбаған 24 шаруа қожалығы 29655 га жер мемлекет меншігіне қайтарылған болса, 2017 жылы 5 шаруашылық субъектісінің мақсатты түрде пайдаланбаған 11506 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте1735 субъект бар және оларда 3132 адам еңбек етуде. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік саласында 4 нысан іске қосылды. (халыққа қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары, жанар-жағармай құю және автокөлік жөндеу бекеті). Ауданда кәсіпкерлік аясын кеңейтін Орал-Атырау тас жолы бойындағы Бударин ауылдық округі аумағында жалпы жоба құны 30 млн. теңгені құрайтын 50 басқа арналған тауарлы сүт фермасы, Ақжол ауылдық округінде 150 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы, Алғабас ауылдық округінде 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынуда. Аудан орталығында тәулігіне 1400 бас ұсақ мал соятын «БатысМаркаЛамб» ЖШС-нің ет комбинаты және күніне 50 бас ірі қара малын соятын «БатысНық» ЖШС-нің ет өңдеу комбинаты жұмыс жасап келеді.
Аудан бойынша қазіргі таңда 52 елді-мекеннің 78,7% таза ауыз сумен қамтылып отыр. Биыл таза сумен қамту 12 елді-мекенде “Таза су” бағдарламасымен, 7 елді-мекенде “Ақбұлақ” бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Келесі жылы 13 ауылды таза ауыз суға қосу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтап, оларға су тартуды жоспарланып отыр. Сонымен бірге, қазіргі таңда аудан тұрғындарының 94,0% табиғи газбен қамтылып отыр. Биыл бюджеттен 680,0 млн. теңге қаражат бөлініп, 2017-2018 жылдарға жоспарланған ауданның 11 елдімекеніне (Жамбыл, Үштөбе, Бітік, Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Тоған, Сарман, Битілеу, Ақбұлақ, Есім ауылдарына) табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң аудан халқын көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 98,3 пайызды құрайтын болады.
Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 65,5 млн.теңге қаражат бөлініп, Чапаев және Тайпақ ауылдарында 6 екі пәтерлі, бір қабатты, 660 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы жүргізілуде және аталған тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге 7,5 млн.т қаражат бөлінді. Сондай-ақ жергілікті бюджет арқылы 48,6 млн.т қаражатқа Есенсай, Алғабас, Базаршолан, Бударин, Құрайлысай және Көнеккеткен ауылдарында 1 қабатты 1 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы салынуда. Бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыру мақсатында 2018 жылы аудан орталығында 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жоспарда бар. Қазіргі уақытта аталмыш тұрғын үй құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Жалпы, аудан бойынша 66 көппәтерлі тұрғын үйдің 11-і «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жөнделді.
Халықты тұрақты жұмыспен қамту саласында 8 айда 809 жаңа жұмыс орны ашылды. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 8 айда 139 адам шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге жұмысқа жолданды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 72 жас маман жолданып, олардың 13-і тұрақты жұмысқа орналасты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жыл басынан 98 маман сұраныс беріп, есепті мерзімде 69 маманға 10,9 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 40 маманға 124,3 млн. теңге бюджеттік несие берілді. Сұранысқа орай әлі де 29 маманға 90 млн. теңгедей қаржы қажет.
Жыл басынан бері 3 рет өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі нәтижесінде 166 адамның 126-ы жұмысқа орналасты. Сонымен бірге, 8 ай ішінде 27 мүгедек жан жұмысқа орналасты. Күні бүгінге 257 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 1% құрады.
Брифинг барысында Ақжайық ауданының әкімі аудан бойынша кадр жетіспеушілігі білім беру саласында 22 маман және денсаулық сақтау саласында 3 маманды құрайтынын мәлім етті.
Акжайык ауданы