«Ақ жол» партиясының үгітшілері бірінші кезекте Өскемен қаласындағы «Рост» автобус паркінің ұжымымен кездесіп, экология, металлургиялық кәсіпорындардың қалдықтары, жүргізушілердің зейнетақы жасына қатысты мәселелерді талқылады.
– Шығысқазақстандықтар «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы жетік білетіні мені қатты қуантты. Сайлаушыларымыз «Хабар» арнасындағы дебатты тамашалап, жоғары бағасын берді, – деп Азат Перуашев «Рост» автобус паркінің ұжымымен болған кездесу өнімді болғанын айтты.
Бұдан кейін Азат Перуашев бастаған топ Өскемендегі «авто еріктілерімен» кездесіп, пікірлесті. Андрей Леверинов жетекшілік жасайтын еріктілер 40 градус аязда түнде көшеде қалған азаматтарды аялдамалардан жинап, үйлеріне дін аман жеткізіп жүргенін көпшілік жақсы біледі.
Өз кезегінде «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Тұрлыбекұлы еріктілердің бейтаныс адамдарға жасаған қамқорлығы үшін алғас айтты.
(Материал ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаржысы есебінен төленді)