"Ақ жол" белсенділері Шардара қаласының тұрғындарымен кездесті

Dalanews 12 нау. 2023 12:20 818

“Ақ жол” демократиялық партиясы төрағасының орынбасары ҚР Парламенті мәжілісінің 7-ші шақырылымдағы депутаты болған, қазіргі таңда мәжіліс депутатығына партиялық тізіммен үміткер Иса Қазыбек Жарылқасынұлы Шардара қаласының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиынға Түркістан облыстық үгіт-насихат тобы Пернеқыз Смаелова Смадиярқызы, Ержан Үсентаев Рахымұлы,  Абылайхан Досыбаев Әлімханұлы және Шардара ауданы мәслихатының депутатына кандидат Жетібаев Нұрбол Бимұрзаұлы да қатысты.

– Алаштың атын айтса атылып кететіндей, тілді айтса түрмеге түсетіндей көреді. Барлығы дірілдеп, елге қажет дүниеге келген кезде, бас көтеруге қорқады. 15 одақтас мемлекет бөлініп шықты, тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл өтті. Соның ішінде Қазақстанда ғана тіл туралы заң жоқ, – дейді Қазыбек Иса.


Басқосуда партияның 20 жыл ішінде жеткен жетістігі сөз болды.  Мәжіліс мінберінде көтерген мәселер айтылды. Сайлауалды бағдарламаларды жиналған жұртшылыққа түсіндірілді.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар