"Bek Air" ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылы 27 желтоқсанда болған "Fokker-100" "Bek Ai" ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша терге уәрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.
4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды.
Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.