Freedom Inside '26

FlyArystan ұшағы итті қағып кеткен

FlyArystan ұшағы итті қағып кеткен
astanatimes.com

FlyArystan ұшағы итті қағып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпаратты әуекомпаниясы Dalanews.kz-ке растады. 

Оқиға 15 сәуірде Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі болған. Ұшақ қонғаннан кейін Шымкент қаласы әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемесінің жануармен (итпен) соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан әуе кемесінің компоненттері зақымданды. Қазіргі уақытта ауыстыруды қажет ететін барлық компонент Алматы қаласынан жеткізіледі.

"Ұшу қауіпсіздігі – әуекомпания үшін басты басымдық. Аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді компания өкілдері.