Әнші Арман Қоңырдың әлеуметтік желіде жариялаған жаңа суреттері оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары оның модель Айдана Рахымбаевамен бір жерде жүргеніне назар аударған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Threads қолданушылары Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның әлеуметтік желіге бір локациядан фотосуреттер жариялағанын байқаған.
Осыдан кейін желіде олардың арасында қарым-қатынас болуы мүмкін деген түрлі болжам айтыла бастады. Дегенмен кейбір қолданушылар мұны жай ғана сәйкестік деп қабылдаған.
"Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен еді ме?», «Баян ханым Аша ауыр кезеңді бастан кешіріп жүр деп айтқан еді, мүмкін осы шығар", – деп жазды желі қолданушылары.
Әзірге Арман Қоңыр да, Айдана Рахымбаева да желіде тараған болжамдарға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.