Анкарадағы жарылыстың құрбаны 34 адамға жетті

Dalanews 13 нау. 2016 21:44 734



Өткен жексенбі күні кешкісін Анкара орталығында жарылыс болып 34 адам көз жұмса, 125 адам жарақат алған. Түрік билігінің ресми дерегі осындай.





Жарылыс астананың бас алаңыдағы Ататүрік саябағы жанындағы аялдамада орын алған. Түріктің NTV телеканалы хабарлағандай, автокөлік жарылуы мүмкін.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу үкіметтің жедел отырысын өткізді.

Соңғы бес айдың ішінде адам өліміне әкелген жарылыстар осымен үшінші рет орын алып отыр. Үш апта бұрын Анкарада әскери көлікке шабуылдаған болатын. Шабуыл кесірінен 29 сарбаз қайтыс болды. Өткен жылдың қазан айында болған жанкештінің жасағанын шабуылынан жүзге жуық адам қаза тапты.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар