Көлік аялдаманың жанында тұрған жолаушылар автобусымен соқтығысты да, соның салдарынан жарылыс болды. Жарылыстың күштілігі сондай оның айналасындағы тағы бірнеше көлік жарылды. Ақпарат құралдарының дерегінше 27 адам қайтыс болған, 75-і жараланған. Байқайсыз ба, Кремль Асадтың билігін ресми қолдағалы мұндай лаңкестік оқиғалар жиілеп кетті...
Әрбір жарылыстың себеп-салдарын және мұны мойнына алып жазықсыз адамдарды құрбан қылған ұйымдардың тізімін жіліктеп отыруға болар еді. Анығында, ақиқат әрдайым ашылмай қалады.
Көп жағдайда лаңкестікті Ислам мемлекеті мойнына алады. Себебі, мұндай жарылыстан кейін терроршылардың рейтингі өсе түседі, сондықтан бұл арада белгілі бір ұйымның белгілі бір жарылысқа қатысы болуы немесе болмауы маңызды емес.
Хезболла, Джемаа Исламия, Әл-Каида сияқты ұйымдар ірі жарылыс болған сәтте мұны бірден мойнына алуға тырысатыны содан.
Егер тереңірек үңілсек, Кремль мен Путиннің әрқашанда ойрандау (дестабилизация) стратегиясын жақсы пайдаланатынын байқаймыз. Себебі, бұл әдіс арқылы халықты қорқыныш пен қауіпте ұстауға болады және басқару да оңай.
Көптеген ресейліктер соғыс болғанша қатігез әмірші мен басқарудың авторитарлық тәсілі қала бергенін құп көреді. Иә, өзің сүретін жерде бейбітшілік болса, ұрпағың алаңсыз өседі, өзің де тыныш ғұмыр кешесің. Бірақ, мұндай «бейбітшіліктің» құны қандай?
Естеріңізде ме, Анкара өз шекарасына еніп кеткен Ресейдің ұшағын құлатып түсіргенде, ресейліктер дүр көтерілді. Бұл күллі орыс халқына жасалған қастандық екенін айтты.
Мұның дұрыс немесе бұрыс болғанын уақыт көрсетеді. Анығы, мұның бәрінен Путин ұтып жатыр. Оның рейтингін соларға қарсы күресем деп уәде берген лаңкестер мен лаңкестік оқиғалар көтеріп отыр.
Ойрандау стратегиясын пайдалана отырып Путин мына мақсатқа қол жеткізбек: «Жарылыстардан әбден жүрегі шайлыққан Түркия халқы уақыт өте келе өз үкіметінен көңілі қалады және ақыр аяғында оған қарсы шығады».
Ал босқындардың тасқыны арта түседі. Айтпақшы, бұл да Ресейге тиімді.
Бұл арада неге Ислам мемлекеті деген заңды сауал туындары анық. Әлемдегі кез-келген барлау қызметі, сізге бір кезгі КСРО-ның, Ресейдің жұмыссыз қалған әскери кадрлары лаңкестер қатарына жалдамалы немесе нұсқаушы ретінде қосылатынын айтып берер еді.
Ислам мемлекетіндегі қаржы ағымында қомақты үлесі бар Кремль бұл ұйымға өзінің талаптары мен шарттарын қоя алады.
Иә, ресми Путин Асадты қолдай отырып Ислам мемлекетіне қарсы соғыс жүргізуі мүмкін, алайда іc жүзінде бұл әншейін бетперде, Кремль екіжүзді саясат жүргізуде.
Семен Кабакаев
Дереккөз: obozrevatel.com
Сурет: www.youtube.com сайтынан алынды