Ангелина Лукас чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті

Көркем Алдабергенова 04 жел. 2025 11:34

Қазақстанның әлем чемпионы боксшысы Ангелина Лукас Танзаниядан келген қарсыласы Эгине Каянгені мерзімінен бұрын жеңді. Әлемдік бокс федерациясының (WBF) титулы үшін өткен жекпе-жек төртінші раундта аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жекпе-жек Дубайда (БАӘ) өткен бокс кешінің аясында өтті.

«Шетелде сүйікті елімнің туын көтеру - өте ерекше мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Рингке әр шыққанда Қазақстанның қолдауын сезінемін, бірақ сол уақытта әрдайым қобалжимын, өйткені жақындарымды, команданы және жанкүйерлерді ренжіткім келмейді. Бүгінгі жеңіс біздің ортақ сеніміміздің, еңбегіміздің және Отанға деген сүйіспеншілігіміздің нәтижесі. Қолдау көрсеткен, сенген және бірге уайымдаған әр жанға алғыс! Біз жеңдік. Алға, Қазақстан!»,- деді Ангелина әлеуметтік желідегі жазбасында.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар