Амнистия аясында 2 мыңнан аса адамға қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды dalanews.kz.
1 шілдеде "Жаңа Конституция қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы" заң қабылданды. Ведомство мәліметінше, амнистия тек сотталғандарға емес, сондай-ақ, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады.
"Бүгінде Ішкі істер органдары соталды тергеп-тексеру барысында 2 471 қылмыстық іс бойынша 2 621 адамға амнистия қолданды", - деді полиция.